1 .Ұшы үшкір скальпель – терең кесу үшін.
Құрсақты скальпель – құрсақ бетіндегі ұзын сызықты кесу үшін.
Доғал қайшы – жұмсақ тіндерді кесу, хирургиялық қол жеткізуді кеңейту, тігіс лигатураларын кесу үшін.
4. Үшкір қайшы – тігістерді алу, абсцесстерді ашу, қуыс мүшелерді кесу үшін.
5. Купер қайшысы – тіндерді бөлу үшін.
6. Рихтер қайшысы – ішперде мен плевраны кесу, лапаро және торакотомияға кіруі, грыжа қапшығын кесу үшін.
7. Листер қайшысы – бинт пен таңғышты қауіпсіз кесуге және алып тастауга арналған.
8. Ампутациялық пышақ – аяқ-қолдың ампутациясы кезінде жұмсақ тіндерді кесу үшін.
9. Джилли-Оливекрон сым арасы – жұмсақ/сүйек тінін аралауға арналған. Ампутация үшін қолданылады.
10. Бильрот қысқышы – тіндерді аз жарақаттайды, бірақ оларды берік ұстамайды.
11. Кохер қысқышы – тіндерді закымдайды (тістерден), бірақ берік ұстайды.
12. Микулич қысқышы – кесілген іш пердесінің шеттерін бекіту үшін қолданылады.
13. "Москит" қысқышы – жаңа туған нәрестелер мен балалардағы терең қуыстарға, жүрек пен қантамырларға хирургиялық операциялар жүргізу кезінде қантамырлары мен қан кететін жерлерді ұстап, қысуға арналған.
14. Анатомиялық пинцет – жеңіл жарақаттанған тіндер үшін.
15. Хирургиялық пинцет – тығыз, қатты тіндерді ұстауға арналған.
16. Табақшалы пинцет – тіндерді ұстауға және таңғыштарды жеткізуге арналған.
17. Клеммы бельевые – жараның айналасына хирургиялық матаны бекітуге арналған.
18. Ойық зонд – терең жараларды, қуыстарды, фистулаларды тексеруге және өз фасциясы мен апоневрозды кесуге арналған.
19. Дешан лигатуралык инесі – лигатураны қан тамырлардың астына енгізуге арналған.
20. Сүйек қасығы / кюретка – сүйектер мен қуыстардан патологиялық жұмсақ тіндерді қырып алуға арналған.
21. Қисық (иілген) корнцанг – стерильді тампон енгізуге және тігіс материалын ұстауға арналған.
22. Ұшы жалпақ қысқыш – өкпе, бауыр, геморрой, полипті ұстауға арналған.
23. Жүрек құлақтарына арналған қыскыш – жүректің құлағын қысу үшін.
24. Өткір 4-тісті ілмек – тығыз, қатты тіндерді ұстауға, тартуға немесе көтеруге арналған.
25. Жалпақ С-тәрізді Фарабеф ілмегі – ірі тамырларды, жұмсақ, нәзік жараның жиегін тартып ашуға арналған.
26. Жара-кеңейткіш – хирургиялық жараның шеттерін ашып тұруға арналған.
27. Люэр қысқышы – қалың тіндерді ұстауға және тартуға арналған.
28. С-тәрізді айна – жараның шеттерін жаюға, хирургиялық алаңды ашуға арналған (вагина, қуық).
29. Бауыр айнасы – бауырды тартуға және ұстауға арналған.
30. Жүрек айнасы – жүректі көтеруге және ұстауға арналған.
Люэра сүйек қысқышы - сүйек тінін қысуға арналған.
32. Кескіштер жинағы бар қол трефині – сүйектерді өңдеу (бұрғылау және фрезерлеу) үшін.
33. Трахеяны кеңейткіш құрал және трахеостомиялық түтік – трахеостомия үшін.
34. Эластикалық түзу ішек қысқышы – ішек саңылауын уақытша қысу үшін анастомоздар жасауға арналған.
35. Эластикалық иілген ішек қысқышы – ішекке жағуға арналған қысқыш.
36. Ерлерге арналған металл катетер – зәр шығаруға және қуықты жууға арналған.
37. Тік қабырғалық распатор – қабырғаның артқы бетінен сүйек қабығын бөлуге арналған.
38. Дуайеннің қабырғалық тырнақшасы – қабырға бетіндегі сүйек қабығын тазартуға арналған.
39. Дуайеннің қабырға қайшысы – қабырғалар мен қабырға шеміршектерін кесуге арналған.
40. Дальгрен сүйек қысқыштары – бассүйек операциясы кезінде сүйекті қысуға арналған, сүйекті қысқыштың төменгі тармағындағы тесік арқылы өтетін ілмек арқылы кеседі.
41. Листон сүйек қысқышы – сүйек тінін кесуге арналған.
42. Пайер қысқышы – асқазанның бір бөлігін резекциялау кезінде қолданылады.
43. Ламинэктом – қабырға аралық дискілердің табақшасын кесу үшін.
44. Сүйек ұстағыш – түтік тәрізді сүйектерді ұстауға және бекітуге арналған.
45. Куликовский инесі – гаймор қуысын тесу үшін.
46. Матье ине ұстағышы – тігіс салған кезде хирургиялық инені ұстауға арналған.
47. Гегар ине ұстағышы – хирургиялық инені ұстауға арналған; тұтқалармен қолданылады.
Last changed10 months ago