Информатика дегеніміз не?
Информатика – ақпаратты сақтау, өңдеу, беру және пайдалану туралы ғылым.
Ақпарат деген не? Оның түрлері қандай?
Ақпарат – қоршаған орта туралы мәлімет. Түрлері: мәтіндік, сандық, графикалық, дыбыстық, бейнелік.
Цикл деген не? Мысал келтір.
Цикл – қайталанып орындалатын командалар тізбегі.
Компьютерлік қауіпсіздік ережелері қандай?
Қауіпсіздік ережелері: антивирус қолдану, бейтаныс файл ашпау, парольді құпия сақтау.
Excel бағдарламасының негізгі мүмкіндіктері?
Excel – кесте құру, есептеу, диаграмма жасауға арналған.
Презентация деген не?
Презентация – ақпаратты слайд арқылы көрсету тәсілі.
Процессордың қызметі қандай?
Процессор – ақпаратты өңдейтін негізгі құрылғы.
Енгізу және шығару құрылғыларына не жатады?
Енгізу құрылғылары: пернетақта, тінтуір, сканер. Шығару құрылғылары: монитор, принтер, динамик.
Принтер мен сканердің айырмашылығы қандай?
Принтер – ақпаратты қағазға шығарады,
сканер – қағаздағы ақпаратты компьютерге енгізеді.
Электрондық пошта қалай жұмыс істейді?
Электрондық пошта – хабарлама жіберу және қабылдау қызметі
Last changed17 days ago