IT стартап жүйесі дегеніміз не?
Стартап деген не? Стартап бұл бизнесті дамытудың жаңа әдісі, жолы, тәсілі. Мысалы Убер стартапын (Яндекс Такси) алайық. Убер компаниясы ашылмағанға дейін адамдар таксиді таксопарктерден шақырған не жолда қолын көтеріп тоқтатқан.
Қазір бұндайды көру қиын, барлығы ірі қалаларда такисді онлайн қосымша арқылы шақырады. Сіз телефоныңызға арнайы мобильді қосымшаны жүктейсіз де таксиді шақырасыз. Бағасын да алдын ала біле аласыз. Бұны қосымшадан көре аласыз. Кейін Уберден өзге бұндай стартаптар пайда болған, мысалы Қазақстанда Яндекс Такси зор сұранысқа ие.
Сонымен стартап бұл жаңа әдіс, тәсіл, жол. Бұл бизнесті дамыту. Технологияларды дамыту.
Стартап жүйесінің түрлерін ата
Стартап түрлері үшеу — көшірме, новаторлық және белгісіз. Көшірме бұл өзге елдердегіні өз елімізге әкелу. Мысалы 2000 жылдары әлемде зор танымалдыққа Фейсбук әлеуметтік жүйесі ие болған. Бұны орыстар көшіріп ВКонтакте деген әлеуметтік жүйені құрды. Бұл сәтті көшірме стартап.
Новаторлық стартап бұл жаңа идея, әдіс, тәсіл. Мысалы Убер такси қосымшасын алайық. Убер ашылғаннан кейін әлемдегі сан мың таксопарктер жабылды. Себебі таксиді ұялы қосымшамен шақыру жеңіл бола қалды.
Стартап кезеңдерін ата
Стартап кезеңдері көп. Бұл алғашқы пайда болу. Екінші кезең стартапты іске қосу, ашу. Бірінші не екінші қадамда инвестор деген адамның көмегі керек болады. Инвестор бұл стартапқа ақша беретің адам. Инвестор стартапқа қаржы бөледі, есесіне стартаптың бөлігіне ие болады.
Үшінші кезең стартаптың үлкеюі. Бұл қадам бәріне тән емес. Кейбір стартаптар ашылып зор шығынға тап болып тез жабылады. Ал кейбірі зор табысқа ие болып жылдам дамиды.
Экспансия кезеңі бұл стартаптын өзге нарықтарға шығуы. Мысалы сіз керемет стартапты Қазақстанда ойлап тауып ашсаңыз. Және осы стартаптың пайдасы мол бола қалса. Бұны өзге елдерде — Қырғызстанда, Өзбекстанда ашуыңыз мүмкін. Бірнеше елдерді қамти аласыз. Америкадағы стартаптар алғашында өз елінде ашылады да, кейін Еуропаға, одан кейін Азияға тарайды. Сәтті болса қалған елдерге де тарайды.
Стартаптың шарықтау шегіне жетуі. Ағаш елу жыл бойы, жүз жыл бойы өсіп, өніп ақырында зор биік боп қалады. Бұдан кейін өспейді, адам да, стартап та солай. Бұл стартаптың соңғы кезеңі. Кейін стартап өзге компанияға сатылады, немесе баяғыдай жұмысын атқарып тұрады.
Қазақстан бойынша танымал стартап түрлерін ата
Ең танымал 15 стартап – 2023 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы нәтиже мынадай:
Cerebra (1,6 млн)
Citix (1,2 млн)
Daryn.online (1,023 млн)
1Fit (962,6 мың)
Naimi.kz (722,7 мың)
Arbuz.kz (718,6 мың)
Chocofamily (674,2 мың)
Relog (658,7 мың)
UvU (578,2 мың)
Med365 (485,5 мың)
TypiPay (380,1 мың)
ApartX (87 мың)
СТОgram (83,1 мың)
Clockster (45 мың)
Parqour (33,7 мың)
Отандық ең танымал он стартап немен айналысады?
Cerebra – бірінші орында компания, жасанды интеллек саласындағы технологиялар жасаумен айналысатын Almaty A.I. Lab компаниясының жобасы. Атап айтқанда, стартап жасанды интеллектіні нейрорадиологияда қолданады. Бағдарлама инсультты бар болғаны 10 минут ішінде анықтауға, диагностика жасауға мүмкіндік береді. 2021 жылы Freedom Holding Corp. СЕО-сы Тимур Турлов Cerebra жобасын 1 миллион доллар көлемінде қаржыландырған еді. Жобаға қатысты кейінгі жаңалықтардың бірі — әлемдік MedTech Innovator медициналық технологиялар акселераторына қатысатын болғаны.
Стартаптың негізгі сипаттамалары ?
Инновация: стартаптар көбінесе инновациялық шешімдер арқылы ерекшеленеді, соның арқасында нарықта назар аудартады. Бұл жаңа технологиялар, бірегей өнімдер немесе қызмет ұсынудың жаңа тәсілдері болуы мүмкін. SpaceX стартапын мысал ретінде келтіруге болады, олар ғарыш саласына жаңа технология енгізіп, ғарышқа ұшу бағасын айтарлықтай төмендетті.
Тәуекел және белгісіздік: стартап құру үлкен тәуекел мен белгісіздікті қамтиды. Көптеген стартаптар қаржылық қиындықтарға, өнім проблемаларына немесе нарыққа шығудың сәтсіз әрекеттеріне тап болады. Тәуекелдерді азайту үшін стартаптар прототип жасау және идеяны тестілеу, нарықты мұқият талдау және ресурстарды икемді басқару сияқты стратегияларды пайдалана алады.
Zuletzt geändertvor 12 Tagen