MVP не үшін қажет?
MVP (Minimum Viable Product) — өнімнің ең қарапайым, жұмыс істейтін нұсқасы. Ол арқылы тұтынушыдан кері байланыс алып, идеяның тиімділігін тексеруге болады.
Стартап пен кәдімгі бизнес қандай айырмашылықта?
Стартап — бұл жылдам өсуді көздейтін, әлі тұрақты бизнес моделі қалыптаспаған инновациялық жоба. Ал кәдімгі бизнес — табыс әкелетін, тұрақты жұмыс істейтін құрылым
Стартап бастау үшін міндетті түрде инвестор керек пе?
Жоқ. Көп стартаптар бастапқыда өз қаражатымен (bootstrapping) басталады. Бірақ өсу үшін инвестиция қажет болуы мүмкін.
Стартаптар неге жиі сәтсіздікке ұшырайды?
Нарықтағы сұранысты дұрыс зерттемеу, нашар команда, бәсекелестікті елемеу, қаржыны дұрыс басқармау сияқты себептерден.
Қазақстанда стартапты қолдайтын орталықтар бар ма?
Иә. Мысалы, Astana Hub, MOST бизнес инкубаторы, Tech Garden секілді ұйымдар стартаптарға кеңес, кеңсе, оқыту, тіпті инвестиция ұсынады.
Zuletzt geändertvor 13 Tagen