«Шашты» әңгімесінде автордың айтқысы келген ойы?
Адам бойындағы туған жерге деген ыстық сезім еш уақытта тарқамайды. Тасқұл: “Тұтқынға түсу көшпелі рулар үшін қарғыс таңбалы, көк соққанмен тең. Жат жарыламайды. …Азаттыққа бәс тігуге ықтиярсың ба, ұлым?! …Ез болуды пір тұтпа! … Тәңірі текті көкбөрі тұқымы емей сен кімсің?! Тұрлаусыз өскен құландай қыпшақ қаныңды сатпа! …Түрікпен байдың мың жылқысын бағып, мұнда бойкүйез қала берсең, онда тірі емес, өлі санатындасың. …Мұндағы түрікпен отын жағып, бесігін тербеткен, бірақ туған елін өлсе ұмыта алмайтын қаны қазақ жесірлер жылап айтқан құса-шер, шежіре естір құлақ керең болмаған соң көкейге жетеді.“
Шашты өмірде болған ба?
ШАШТЫ - алаш арысы, Мұстафа Шоқайдың бабасы, тарихта болған адам. Сыр мен Əмудың бойындағы Қыпшақ тоғыз тайпа екен. М. Шоқай - қыпшақтың Торысынан тараған Шашты руынан. Шаштының шын аты- Кенжеғұл, Торының немерелерінің ішіндегі ең кенжесі 16 ғ. өмір сүрген.
“Шашты“ әңгімесінде қай кездегі оқиға баяндалады?
“Шашты“ әңгімесінде ХХІІ - ХХІІІ ғ. оқиға баяндалады. Сол кезеңде Әмудария, Сыр бойы қазақтары мен түрікменер арасында қақтығыстар барымта көп болған. Ұлы Даланың қатаң ережелері бойынша жаугершілік заманда малды ғана айдап әкетпей, бойжеткендерді күң етсе, ер-азаматтарды құл қылатын.
“Қай ноғайсың?” ,- деген Тасқұлдың сұрағына Кенжебек не деп жауап берді?
“Аға, біз - қыпшақ. атам аты -Ерторы, әкем аты - Құлпейіс, анамның сүт кенжесі Кенжебекпін”
Түрікмендер таза қанды түрікменді шатыстан айыру үшін не істейді?
“… түрікпен халқы қазақ сияқты, ұлы қатынын текті тұқымнан айттырып алады, күшік қатынын жесірден алады. Жетім қыз болса, малдыға кішілікке береді, анасы көгі бөтен болса, одан туған ұл бала есіміне “құл” жалғайды. таза қанды түрікпеннен шатаны солай айыру үшін.”
Хронотоп деген не?
Әдебиет туындылары, қай жанрға жатса да, бізге оқиғалар туралы ақпарат береді. Оқиғаның қай уақытта, қай жерде, қандай тарихи кезеңде болғанын анықтайтын мекеншақ ұғымы - хронотоп
Мифтер туралы айт.
Мифтер - адамдардың дүниетанымынан, тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастарынан туған әңгімелер. Мифтік бейнелер арқылы адамдар жаратылыс сырларын тануға ұмтылған. “Сөз өнері” кітабының авторы Зейнолла Қабдолов “Ежелгі мифтердің ертегілер мен аңыздардан айырмашылығы: мифтердің мазмұнында жаратылыстық-ғылыми және тарихи таным-түсініктер көбірек ұшырасады,” -деген екен.
Атбегі деген кім?
Атбегі - жылқы малының қыр-сырын, қадір-қасиетін жетік білетін адам. Тіпті жылқының тұрысына қарап ауа -райын болжаған. Мысалы, жылқылардың жүні үрпиіп, жайылуға зауқы болмай тұрса, күн суытып, ауа рай бұзылады. Ал жылқылар топтасып, кісінеп ойнақтаса, жауынды не қарлы боран болады.
Ақалтеке жылқысы туралы айт.
Ақалтеке жылқысы — түрікмен халқының арғымақ түрі. Оны түркімендер орынды мақтаныш етеді. Қаз мойынды, қамыс құлақ, артық майды бойына дарытпайтын сыйда арғымақтар паңдықтың, тектіліктің нышанындай. Аяғы ұзын әрі жіңішке, сіңірлі, терісі жұқа, түсі жылтыр, басы жеңіл, мойыны ұзын, аяқ алысы әсем келеді.
Шыққан жері — Түрікменстанның Ахал өңірі. Ақалтеке сымбатты, жүйрік (ұшқырлығы 1 мин / 1000 метрге жетеді. Ыстық аудандарда мініске төзімді, бірақ суықты, қыста тебінде бағуды көтере алмайды. Шоқтығына дейінгі биіктігі - 154 -157 см, тұрқы - 154-158 см, кеуде орамы - 167 -173 см, жіліншігінің орамы 18-19 см.
Әдебиеттегі “НӘЗИРАШЫЛДЫҚ” дәстүрі деген не?
Нәзира нәзирагөйлік (араб тілінен – жауап, ұқсату мағынасында) – Шығыс поэзиясында орта ғасырларда қалыптасқан әдеби үрдіс. Бір ақын жырлаған тақырыпты кейін басқа ақынның қайта жырлауы. Мысалы, Айгүл Кемелбаеваның “Көкенай мен Қалқаман“ эпикалық прозасы Шәкәрім Құдайбердіұлының “Қалқаман - Мамыр“ поэмасының желісімен жазылған.
Last changed2 years ago